Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.
Кедей

Кедей

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Все, что сушествует в мире, есть результат известных действий, условий и среды. Человек может творить эти условия, что и отличает его от животных. На этом основано все, что изобретено человеческим умом. Отсюда цель моего произведения может быть, пожалуй, ясна.

Сұлтанмахмұт өлеңдері

Сұлтанмахмұт өлеңдері

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Торайғыровтың шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды.

Адасқан өмір

Адасқан өмір

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма? Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен, Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?

Таныстыру

Таныстыру

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді.

Қамар Сұлу

Қамар Сұлу

Сұлтанмахмұт Торайғыров

XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - Торайғыровты қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті.

Кім жазықты

Кім жазықты

Сұлтанмахмұт Торайғыров

“Кім жазықты” романында С. Торайғыров ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

Айтыс

Айтыс

Сұлтанмахмұт Торайғыров

“Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл.


© adebikz.com 2012-2013